9- мамыр Ұлы Жеңіс күні!

9- мамыр Ұлы Жеңіс күні!

    9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ауылымыздағы ескерткіш алаңында гүл қою рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтар мен ел тыныштығы үшін еңбек еткен ардагерлердің рухына тағзым етілді.
      Жиналған қауым бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл тағылымды шара – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, батырлар ерлігін ұмытпауға үндейтін маңызды іс-шаралардың бірі.
Ардагерлердің ерлігі – ел жадында мәңгі сақталады.