"Әлем таныған Әнуар" атты кітап көрме

"Әлем таныған Әнуар" атты кітап көрме

    "Әлем таныған Әнуар" тақырыбында Қайнар ауылдық округінде Әнуар Әлімжановтың 85 жылдығына  арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
    Көрменің негізгі мақсаты – жазушының бай әдеби мұрасын насихаттау, оқырмандарды оның тарихи және көркем шығармаларымен таныстыру. Шара барысында келушілерге қаламгердің танымал еңбектері, сирек кездесетін басылымдары мен өмір жолына қатысты деректер ұсынылды.
Кітап көрмесіне қатысушылар Әнуар Әлімжанов еңбектерінің мазмұнымен танысып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, көрме аясында әдеби шолу, пікір алмасу және танымдық әңгімелер өткізілді.
      Бұл шара жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды