"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында дебат өткізілді

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында дебат өткізілді

      "Қайнар ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-нің  ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында дебат өткізілді.
      Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болды.
      Дебат барысында қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, тақырып аясында маңызды мәселелерді көтерді. Тараптар өз позицияларын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы пікірлерге сыни тұрғыдан жауап берді. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін талқылап, оны болдырмау жолдарын ұсынды.
      Іс-шара қорытындысында белсенділік танытқан қатысушылар марапатталып, үздік спикер анықталды. Дебат қатысушыларға ой еркіндігін дамытуға, өз көзқарасын дәлелдеуге және қоғамдық маңызды мәселелерге бейжай қарамауға мүмкіндік берді.