"Таза -бейсенбі" акциясы

"Таза -бейсенбі" акциясы

      Қайнар ауылдық округінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағын тазарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
      Акция барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен саябақ аумақтары қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді қатысып, тазалық жұмыстарын бірлесе атқарды.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады