Қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық акциясы

     Қайнар ауылдық округінде әкімшілік қызметкерлері атынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, өз деңгейінде өткізілді.
     Акцияның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, олардың тұрмыс жағдайына аз да болса үлес қосу болды. Іс-шара барысында азық-түлік себеттері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар табысталды.
     Мұндай игі бастамалар қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайтып, адамдар арасындағы өзара қолдауды арттыра түседі.
     Қайырымдылық шарасына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз.