
Қайнар ауылдық округінде референдум бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға референдумның маңызын, оның өткізілу тәртібін және дауыс берудің мәнін жан-жақты түсіндіру болды. Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен енгізілетін өзгерістердің мазмұны туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында тұрғындарға:
– референдумның мәні мен маңызы;
– дауыс беру тәртібі;
– әр азаматтың конституциялық құқығы мен жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай жұмыстар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және маңызды саяси науқандарға белсенді қатысуына ықпал етеді.