
2 "Б" сыныбында ата-аналардың қатысуымен тәрбиелік мәні зор іс-шара – "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшісі Кеншинбаева Динара ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты: – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, халық ауыз әдебиетін дәріптеу, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту, ата-аналармен бірлесе отырып балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау болды. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар мен ата-аналар белсенділік танытып, ұлттық мұрамызға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Сайыс соңында қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Осындай игі шаралар оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, отбасылық және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтатыны сөзсіз.