
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ақын Жангелді Немеребайдың шығармашылығына арналған «Арман аялдамасы» атты сазды әдеби кеш өтті.
Кеш барысында ақынның жаңа туындысы — «Арман аялдамасы» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, оқырман қауымға салтанатты түрде таныстырылды. Жыр мен сырға, әуезді әнге толы бұл рухани шара көрерменге ерекше әсер қалдырды.
Кешке қатысқан оқушылар мен қонақтар Жангелді Немеребайдың шығармашылығына терең үңіліп, автордың өмірлік ұстанымы мен көркемдік әлемімен танысты. Кітапқа деген қызығушылық артып, қатысушылар мол рухани азық алып қайтты.
Бұл кеш — жас буынды әдебиетке баулу мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызды бір белес болды.