«Жасыл мектеп»

«Жасыл мектеп»

Мектебімізде 2025 жылдың сәуір айында «Жасыл мектеп» экологиялық акциясы аясында 5–11-сынып оқушыларының қатысуымен оқу кабинеттерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияның басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында әр сынып өз оқу кабинетінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, сыныптың ішкі көрінісін жақсартуға белсенді атсалысты.