Халықаралық күлкі күні

Халықаралық күлкі күні

Халықаралық күлкі күніне орай мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Омар Молдағожин атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен ерекше шара өткізілді.
Аталған мерекеге орай мектеп оқушылары көңілді жайдарман скетчтерін қойып, әзіл-қалжыңға толы шара болды.

Шара барысында қатысушылар шеңбер құрып, бір-біріне күлкілі әзілдер айтып, көңілдерін көтерді. Оқушылар арасындағы тапқырлық пен өнерге деген құлшыныс кештің шырайын кіргізді. Әзіл-қалжыңға толы бұл шара мектеп оқушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен бірлікті нығайтуға үлес қосты.