«Ана тілің-арың бұл» мақал-мәтелдер сайысы

«Ана тілің-арың бұл» мақал-мәтелдер сайысы

«Ана тілің-арың бұл» мақал-мәтелдер сайысы

Қабанбай ауылдық Мәдениет үйінде  Халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мақал-мәтел сайысы өтті.

Бұл күні мәдениет және кітапхана ұжымдары арасында бәсекеге толы, рухани байлыққа жетелейтін сайыстың қызығы мол болды.

Қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, ана тіліміздің бай мұрасын насихаттап, мақтанышпен жарысқа түсті. Жарыс барысында көптеген жақсы сөздер айтылып, екі ұжымның да белсенділігі жоғары болды. Екі топ та жақсы өнер көрсеткені үшін марапаттарға ие болды.

Тілге деген құрметті арттыру үшін осындай іс-шаралардың маңызы зор.