«Менің елімнің рәміздері» мерекелік-патриоттық шарасы

«Менің елімнің рәміздері» мерекелік-патриоттық шарасы

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Кабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Менің елімнің рәміздері» атты мерекелік-патриоттық шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және олардың маңызын насихаттау.

Шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, рәміздердің шығу тарихымен танысты. Патриоттық әндер орындалып, қатысушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, патриоттық рухқа бөленді.