«Балалық шақ – бақыт мекені» мерекелік шарасы

«Балалық шақ – бақыт мекені» мерекелік шарасы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Кабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік шара өтті.

Мерекеде Кабанбай балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері ән мен биден шашу шашып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бүлдіршіндерге балмұздақ, шырын, тәтті мақта таратылып, асфальтқа сурет салу және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Кабанбай балалар шығармашылық орталығының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті.

Балаларға шаттыққа толы жазғы демалыс пен жарқын болашақ тілейміз!