«Бала қиялы – өнер айнасы» есеп беру концерті

«Бала қиялы – өнер айнасы» есеп беру концерті

Бүгін Кабанбай ауылында Балалар шығармашылық орталығының «Бала қиялы – өнер айнасы» атты жылдық есеп беру концерті кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті.

Концерт барысында орталық тәрбиеленушілерінің бір жыл бойғы шығармашылық еңбектерінің нәтижесі халық назарына ұсынылды. Өнерлі өрендер ән мен биден, түрлі шығармашылық жанрлардан өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Жыл бойы республикалық, облыстық және аудандық байқауларда үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жүрген талантты тәрбиеленушілер арнайы марапатталды. Сондай-ақ, балалардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.

Шара барысында халықтың ыстық қошеметі мен көтеріңкі көңіл күйі ерекше сезілді. Ата-аналар өз балаларының өнеріне тәнті болып, зор мақтаныш сезіміне бөленгені көрініс тапты.