
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Қабанбай ауылында «Жеңіс мәңгі жасасын» атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара барысында мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілері сап түзеп, салтанатты түрде ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.
Мереке барысында ауыл әкімі тұрғындарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, бұл мерекенің ел тарихындағы маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, соғыс жылдарында Отан үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, олардың ерлігі мен батырлығы кейінгі ұрпаққа әрқашан үлгі болатынын жеткізді.
Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер мен жастар қатысып, майдангерлер рухына тағзым етті. Жеңіс жолында құрбан болған батырлардың есімі ешқашан ұмытылмай, олардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны айтылды.
Жеңіс мәңгі жасасын!