
Мәдениет үйінде «Батыр бабаларға тағзым» атты танымдық жиын өткізілді. Іс-шара барысында соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлар жайлы тағылымды ақпараттар беріліп, олардың Отан үшін жасаған жанқиярлық ерліктері кеңінен насихатталды.
Жиынға қатысушылар батыр бабалардың ел қорғаудағы қайсарлығы мен ерлігі туралы естеліктер айтып, тарихи деректермен бөлісті. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қазақ батырлары жайлы деректі фильм көрсетіліп, қатысушылар ерекше әсер алды.
Танымдық шараның мақсаты – кейінгі ұрпаққа өнеге болған батырлардың ерлігін ұлықтау, тарихи жадымызды жаңғырту және отансүйгіштік рухты дәріптеу.