Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота санын 2 есеге арттыру жоспарлануда

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота санын 2 есеге арттыру жоспарлануда

Мемлекет басшысының Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде инфрақұрылымды дамыту және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Үкімет отырысында жаңа нысандар салудың ағымдағы нәтижелері мен жоспарлары туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-арнасы хабарлады.