«Кітап әлеміне саяхат» кітап көрмесі

«Кітап әлеміне саяхат» кітап көрмесі

23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Омар Молдағожин атындағы мектептің кітапханасында «Кітап әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және рухани дүниесін байыту. Көрмеге әртүрлі жанрдағы әдеби шығармалар, қазақ және әлем классиктерінің туындылары, сондай-ақ танымдық кітаптар ұсынылды.

Іс-шара барысында оқушылар кітаптардың мазмұнымен танысып, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдап оқуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбиедегі рөлі жөнінде әңгіме жүргізілді.