
15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне орай «170 жылдық махаббат эпосы» атты деректі фильм көрсетілді. Аталған шара қазақтың лиро-эпостық жыры – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының 170 жылдығына арналды.
Шара қатысушыларына ұсынылған деректі фильмде қос ғашықтың мәңгілік махаббаты, адалдық пен сезім тазалығы кеңінен насихатталып, ұлттық құндылықтар дәріптелді. Шара барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің асыл мұрасы туралы мағлұмат алып, тағылымды ой түйді.