
1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай мәдениет үйінде «Қанатты әлем» атты интеллектуалды шоу ұйымдастырылды. Танымдық шараның мақсаты – табиғатты аялау, құстар әлемі туралы білімдерін кеңейту және қатысушылардың ойлау қабілетін дамыту болды.
Шара барысында қатысушылар «Бүркіт» және «Аққу» топтарына бөлініп, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынасты. Сайыс кезінде құстардың атауларын табу, жұмбақтарды шешу, қызықты сұрақтарға жауап беру сияқты тапсырмалар орындалды. Әр кезең тартымды әрі мазмұнды өтіп, қатысушылар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді.
Нәтижесінде, барлық кезеңдер бойынша жоғары ұпай жинап, «Бүркіт» тобы жеңімпаз атанды. Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, табиғатты қорғау, құстарға қамқор болу жөнінде насихат жұмыстары жүргізілді.