Наурыз мейрамының шығу тарихы – танымдық шара

Наурыз мейрамының шығу тарихы – танымдық шара

Мәдениет үйінде «Наурыз мейрамының шығу тарихы» атты танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты – Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесінің мән-мағынасын кеңінен насихаттау, оның тарихи тамыры мен ұлттық ерекшеліктерін түсіндіру болды.

Аталған шара барысында қатысушыларға Наурыз мейрамының шығу тарихы туралы мазмұнды баяндама ұсынылып, мерекенің ежелден келе жатқан дәстүрлері мен тағылымы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамының басты тағамы – Наурыз көженің дайындалу ерекшелігі және оның жеті түрлі дәмнен тұратыны, молшылық пен берекенің нышаны екені түсіндірілді.

Шара соңында мәдениет үйінің қызметкерлеріне Наурыз көже таратылып, ақ дастарқан басында үлкендер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін білдірді.