«Рухани және табиғи жаңару» сенбілік / ағаш отырғызу акциясы

«Рухани және табиғи жаңару» сенбілік / ағаш отырғызу акциясы

19 наурыз – «Жаңару күніне» орай «Рухани және табиғи жаңару» тақырыбында Қабанбай ауылдық мәдениет үйі ұжымы мен Балалар шығармашылығы орталығының қызметкерлері бірлесіп сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілік барысында мәдениет үйі аумағы тазартылып, қоршаған ортаны қорғау және көркейту мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды.

Бұл игі бастама – табиғатты аялау, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру бағытындағы маңызды қадам болды.

Шараға қатысушылар белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Осындай шаралар арқылы ауылымыздың келбеті көркейіп, табиғатымыз жаңарып, тұрғындар арасында бірлік пен жауапкершілік нығая түсуде.