
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық нақыш – сән мен дәстүр» атты сән көрсетілімі челленджі ұйымдастырылды.
Аталған шараның мақсаты – ұлттық киімдерімізді дәріптеу, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Челлендж барысында қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерін заманауи үлгіде үйлестіріп, олардың әсемдігі мен ерекшелігін кеңінен көрсетті. Әрбір киімде халқымыздың бай мәдениеті мен терең тарихы айқын көрініс тапты.
Бұл игі бастама челленджін Қабанбай ауылдық мәдениет үйі Ақжар ауылдық мәдениет үйінен қабыл алды.
Шара көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық сәннің өміршеңдігін тағы бір дәлелдеді.