«Отбасы – бақыт пен бірліктің шуақы» сұхбаты

«Отбасы – бақыт пен бірліктің шуақы» сұхбаты

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай «Отбасы – бақыт пен бірліктің шуақы» тақырыбында тағылымды сұхбат ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ауылымыздың үлгілі, еңбекқор жас кәсіпкерлерінің бірі – Рысбековтар әулетімен мазмұнды әңгіме өрбіді.

Сұхбат барысында отбасының берекесі мен бірлігі, кәсіпкерлікті қатар алып жүрудегі тәжірибелері, жетістікке жету жолындағы еңбек пен төзімнің маңызы сөз болды. Сонымен қатар, отбасы мүшелері өзара сыйластық пен қолдаудың, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің отбасы құндылығындағы орны ерекше екенін атап өтті.

Кездесу барысында жас буынға үлгі боларлық ой-пікірлер айтылып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиені насихаттау бағытында мазмұнды пікір алмасу өтті.

Шараның басты мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыру, жастарға өнегелі отбасы үлгісін көрсету және бірлік пен татулықты нығайту болып табылады.