«Қасиетті Рамазан – берекелі ауызашар»

«Қасиетті Рамазан – берекелі ауызашар»

Қасиетті Рамазан айының рухани шуағында Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің ұжымы мәдениет саласы қызметкерлерінің басын қосқан берекелі ауызашар дастарханын ұйымдастырды.

Бұл игі шараға ауданымыздың мәдениет саласында еңбек етіп жүрген мәдениет үйі, кітапхана, архив және музей қызметкерлері жиналып, қасиетті айдың қадірін бірге сезініп, ізгі тілектер мен ақжарма ниеттерін білдірді.

Айтулы ауызашарға арнайы облыстан келген құрметті қонақтар – Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы, облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Жомарт Мандатұлы, сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің басшысы Отан Жұмабекұлы қатысып, көпшілікке жылы лебіздерін білдіріп, Рамазан айының берекесі мен бірлігі туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Берекелі дастархан басында ауылымыздың абыз ақсақалдары, ақ жаулықты әжелері мен мәдениет саласының ардагерлері ақ баталарын беріп, елге амандық, бірлік пен береке тіледі. Осындай рухани мәні терең басқосуда мәдениет саласының мамандары бір-бірімен жүздесіп, ортақ әңгіме өрбітіп, Рамазан айының ерекше атмосферасын бірге сезінді.

Жақсылықты ту етіп, ниет білдіріп келген барша жандарға, алыс жолға қарамай арнайы ат басын бұрып келген қадірлі басшыларға Қабанбай ауылдық мәдениет үйі ұжымы шынайы алғысын білдіреді.

Қасиетті Рамазан айы баршаңызға береке, амандық және мол сауап әкелсін!