«Жүректен шыққан қайырымдылық» қайырымдылық акциясы

«Жүректен шыққан қайырымдылық» қайырымдылық акциясы

15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жүректен шыққан қайырымдылық» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Шараның мақсаты – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыру, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.

Іс-шара барысында ауылымыздағы көпбалалы отбасының жағдайына назар аударылып, оларға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Қайырымдылық шарасына мәдениет қызметкерлері қолдау білдіріп, өз үлестерін қосты.

Бұл игі бастама адамдарды бірлікке, қамқорлық пен мейірімділікке шақырады.

Қайырымдылық – жүректен шыққан жылулық.