
14 наурыз – Көрісу күні, яғни Амал мерекесіне орай Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің ұжымы мен Балалар шығармашылығы орталығының қызметкерлері басқа мекемелермен көрісіп, ұлттық дәстүрді дәріптеген тағылымды кездесу өткізді.
Ұлттық салт-дәстүрімізде Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен амандық сұрасып, қол алысып көрісіп, өткен реніштерді ұмытып, ізгі ниет пен ақ тілектер айтатын ерекше күн. Осы игі дәстүрді жалғастырған мекеме ұжымдары бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, татулық пен бірліктің маңызын атап өтті.