«Қош келдің, ару көктем» мерекелік шарасы

«Қош келдің, ару көктем» мерекелік шарасы

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қабанбай ауылдық округінде ауылдың аяулы аналары мен қыз-келіншектеріне арналған «Қош келдің, ару көктем» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шара барысында ауыл әкімі Қайрат Құттыбекұлы барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, қоғам өміріне белсене араласып, еңбек етіп жүрген бірқатар нәзік жандыларды марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

Мерекелік шара мәдениет үйі қызметкерлері мен Балалар шығармашылығы орталығының үйірме тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем әндер шырқалып, би биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.