«Алғыс айту – жүректен жүрекке» мерекелік шара

«Алғыс айту – жүректен жүрекке» мерекелік шара

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мәдениет үйінде
«Алғыс айту – жүректен жүрекке» атты мерекелік
шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты –
адамдар арасындағы сыйластықты, ризашылық пен
алғыс сезімін насихаттау, мейірімділік пен
адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Мерекелік кеш барысында мәдениет үйінің
қызметкерлері сахна төрінде әсем әндер орындап,
көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,
жүрекжарды алғыстарын өнер арқылы жеткізді.

Сонымен қатар, балалар шығармашылығы
орталығының үйірме тәрбиеленушілері де белсене
қатысып, ән-жырларын тарту етіп, өз өнерлерін
ортаға салды.

Шара барысында айтылған әрбір ән мен жылы лебіз
көрермендердің жүрегіне жол тауып, мерекенің
мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді. Осындай
тағылымы мол кеш көпшілікке ерекше әсер қалдырып,
Алғыс айту күнінің маңызын айқындай түсті.