«Жамбыл – халық әншісі» атты әдеби кеш

«Жамбыл – халық әншісі» атты әдеби кеш
Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай студенттердің қатысуымен «Жамбыл – халық әншісі» атты әдеби кеш өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттыру.

Әдеби кеште ақынның қазақ әдебиетіндегі орны туралы жан-жақты мағлұматтармен қатар ақынның өмірі мен мұрасынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ студенттер Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойып, өз білімдерін көрсете отырып, белсенді жауап берді.
Кеш барысында мектеп оқушылары ақын шығармаларынан үзінділер оқып, оның өлеңдерінде көрініс тапқан отаншылдық, ерлік, туған жерге деген сүйіспеншілік рухын баурап алды. Іс-шара әдеби мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу, тәрбиелік мәні зор болды.