
Ауылдық кітапханада «Өлең мен сөз әлемі» атты әдеби көрме өткізілді. Шара барысында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының шығармалары қатысушыларға таныстырылды. Көрмеге қазақ әдебиетінің алтын қорына енген ақын-жазушылардың кітаптары қойылып, олардың өмірі мен шығармашылық жолы жөнінде мәлімет берілді.
Шара аясында қаламгерлердің өнегелі ойлары мен қанатты сөздері оқылып, сөз өнерінің құдіреті, кітаптың адам өміріндегі орны туралы айтылды.
Әдеби көрме қатысушыларға рухани азық беріп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Оқырмандарды көркем сөзді қадірлеуге, кітап оқуға баулып, мазмұнды әрі танымдық бағытта өтті.