
«Шежіре және туған жер тарихы» тақырыбында танымдық әңгіме-дискуссия өтті.
Шараның мақсаты – жастарға туған жер тарихын, ата-баба шежіресін таныту, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Шара барысында ақпарат беруші Абдрахманов Елдос туған өлкенің тарихы, ел шежіресі, тарихи тұлғалар мен ата-баба мұрасының маңызы жөнінде кеңінен баяндады.
Әңгіме-дискуссия барысында туған жерге деген сүйіспеншілік, елдік сана мен тарихи жадыны сақтау мәселелері қозғалып, қатысушыларға тәрбиелік мәні зор тағылымды ойлар ұсынылды.