
Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайына арнайы барып, ұлттық құндылықтарымыздың бірі – киіз үй жабдықтарымен танысты.
Мұражайдың экскурсия жетекшісі Гүлнұр Асылболатқызы киіз үйдің әрбір жабдығын көрсетіп, олардың жасалу тәсілдері мен тұрмыстағы қолданылу ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе, шаңырақ, уық, кереге, сырмақ, текемет сияқты бұйымдардың мән-маңызына және қолөнер шеберлерінің еңбегіне ерекше тоқталды.
Бұл шараның мақсаты – жастар мен ауыл тұрғындарына ата-бабамыздан жеткен мұраны таныту, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және мәдени құндылықтарды ұрпаққа жеткізу болып табылады.