«Есірткі туралы миф және шындық» туралы

«Есірткі туралы миф және шындық» туралы

Кітапханада мәдениет қызметкері Жәрдем Аманжолдың жүргізуімен «Есірткі туралы миф және шындық» атты танымдық шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің адам ағзасына, қоғамға тигізетін зиянды әсерін түсіндіру, зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Шара барысында есірткіге қатысты мифтер мен шынайы деректер салыстырылып, қатысушыларға кең мағлұмат берілді.