«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қабанбай ауылдық Мәдениет үйінің ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер аула аумағын қоқыстан тазартып, көгалдарды ретке келтірді. Сенбіліктің мақсаты – ауылымыздың көркейіп, жасыл әрі таза болып сақталуына үлес қосу.