" Мен таныған Абай" атты интеллектуалдық ойын туралы

" Мен таныған Абай" атты интеллектуалдық ойын туралы

Қабанбай ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай " Мен таныған Абай" атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Шараға өзге ұлт өкілдері- орыс, кәріс, ұйғыр, татар ұлттарының оқырмандары катысты. Ойын мақсаты- Абай мұрасын насихаттау, түрлі ұлт өкілдері арасында қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру және достық пен татулықты дәріптеу.
Кітапханашы қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, сұрақтар арқылы олардың білімін сынады. Ойын барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін еске түсіріп нақыл сөздерін жалғастырды, өмір жолына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасының мүшесі, Мәдениет үйінің әдіскері Сыдыкова Б. сөз сөйлеп, катысушыларды құттықтады. Белсенділік танытқан ойыншыларға кітапханашы естелік сыйлықтар табыстады. Шара сонында Абай шығармашылығына арналған "Абай дана, Абай-дара қазақта" атты кітап көрмесі таныстырылды.