
Жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен аймағымыздағы ақын-жазушылардың көптеген кітаптары жарық көреді.Қабанбай ауылдық кітапханасы Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында "Жаңа әлем жаңа кітаптар"тақырыбында библиофреш өткізді.Кітапханашы қорға түскен сан саланы қамтитын кітаптармен оқырмандарды таныстырды.І.Жансүгірұлы "Беташар",Х.С.Есдаулетқызы "Д.А.Қонаев-Ғасыр саңлағы",Р.Ыдырысқызы "Тұғырлы тұлға",Қ.Назарұлы "Күй шақыртқы"жинағы,С.Молдаханов "Өмір мектебі"Ә.Қастеевтің өмірі мен жүріп өткен жолы,шығармалары, Қ.Ибрайымжанов "Тарих толғаулар және Жаркент өңірі" зерттеулер,Н.Иманғалиұлы "Бай қуатты болайық",Б.Мерекенова "Алтын бесік"драмалық шығарма,Н.Қыстаубаев "Дариға" т.б кітаптар оқырман назарына ұсынылды