Мәдениет үйі ұжымы «Қайырымды іс – еңбекке құрмет» атты әлеуметтік-сауықтыру акциясы аясында ауыл тұрғындарына арналған кішігірім қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ауылдың қоғамдық жұмысшылары мен күннің аптап ыстығында тынымсыз еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлерге құрмет ретінде салқын көже таратылды.