
Қабанбай ауылдық Мәдениет үйінің үйірме оқушыларына арналған қызықты эстафета өткізілді
Қабанбай ауылдық Мәдениет үйінде үйірме оқушылары үшін жылдамдық пен шапшаңдықты дамытуға бағытталған эстафеталық ойын ұйымдастырылды. Балалар белсене қатысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Шараның басты мақсаты – балалардың қимыл-қозғалысын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Эстафетадан кейін балаларға тәттілер таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.