
«Семей–Невада» антиядролық қозғалысына – 36 жыл
Тарихи сағат
Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде еліміздің тарихындағы ерекше қоғамдық бастама — «Семей–Невада» антиядролық қозғалысына 36 жыл толуына орай тарихи сағат өтті.
Шара барысында мәдениет қызметкері бұл қозғалыстың пайда болу себептері мен мақсаты туралы баяндама жасады. Қатысушыларға Семей полигонының қазақ халқына тигізген зардаптары, ядролық сынақтардың қоршаған орта мен адам денсаулығына әкелген ауыр зардаптары туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, антиядролық қозғалыстың көшбасшысы — белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің еңбегі мен әлем жұртшылығын бейбітшілікке үндеген үндеулері туралы айтылды. Қозғалыстың арқасында 1991 жылы Семей ядролық полигонының жабылғаны, бұл оқиғаның Қазақстанның бейбіт бастамалардағы алғашқы үлкен қадамы болғаны атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа бейбітшіліктің, ядролық қарусыз әлемнің маңызын ұғындыру және тарихи сананы қалыптастыру.«Семей–Невада» антиядролық қозғалысына – 36 жыл
Тарихи сағат
Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде еліміздің тарихындағы ерекше қоғамдық бастама — «Семей–Невада» антиядролық қозғалысына 36 жыл толуына орай тарихи сағат өтті.
Шара барысында мәдениет қызметкері бұл қозғалыстың пайда болу себептері мен мақсаты туралы баяндама жасады. Қатысушыларға Семей полигонының қазақ халқына тигізген зардаптары, ядролық сынақтардың қоршаған орта мен адам денсаулығына әкелген ауыр зардаптары туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, антиядролық қозғалыстың көшбасшысы — белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің еңбегі мен әлем жұртшылығын бейбітшілікке үндеген үндеулері туралы айтылды. Қозғалыстың арқасында 1991 жылы Семей ядролық полигонының жабылғаны, бұл оқиғаның Қазақстанның бейбіт бастамалардағы алғашқы үлкен қадамы болғаны атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа бейбітшіліктің, ядролық қарусыз әлемнің маңызын ұғындыру және тарихи сананы қалыптастыру.