"Дәрігер – балалардың жанашыры"

"Дәрігер – балалардың жанашыры"

"Дәрігер – балалардың жанашыры"
📍 Жасөспірімдерге арналған маңызды дәріс

Бүгін мектебімізде жоғары сынып оқушыларына арналған тәрбиелік-танымдық кездесу өтті. Кездесуге дәрігер мен мектеп психологы шақырылып, жасөспірімдер үшін өзекті тақырыптар қозғалды:

🔹 Жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы және денсаулығын сақтау жолдары
🔹 Жыныстық тәрбие: өзін-өзі қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу
🔹 Нашақорлық, темекі мен алкогольдің зияны
🔹 Психологиялық тұрақтылық, қысымға қарсы тұра білу

💬 Дәріс барысында мамандар оқушылармен ашық сөйлесіп, жасөспірімдердің қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. Еркін әрі сенімді атмосферада өткен бұл шара әрбір оқушының санасына әсер етіп, өмірлік маңызды ақпараттар берді.