«Салауатты өмір – жарқын болашақ!» атты үстел теннисі

«Салауатты өмір – жарқын болашақ!» атты үстел теннисі

Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды спортқа баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және бос уақытты тиімді өткізуге бағыттау.
Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті.
Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.