Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – ұрпаққа аманат, елге тағзым!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – ұрпаққа аманат, елге тағзым!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – ұрпаққа аманат, елге тағзым!

Жеңістің жарқын рухы мен тарихтың тағылымды сәттері мәңгілік ел жадында. Осыған орай, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ауылымыздың ардақты ақсақалы, тыл еңбеккері – Қалиев Аттыбай атамызды аудандық мәслихат төрағасы – Досан Елжанұлы Каримов арнайы келіп,
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл»
бірыңғай мерекелік медалімен салтанатты түрде марапаттады.

Бұл – елге еңбегі сіңген, қиын-қыстау кезеңде аянбай тер төккен ата-әжелерімізге көрсетілген зор құрмет пен ұрпақ алғысының белгісі.

Аттыбай атамыздың өмірі – шыдамдылық пен еңбектің үлгісі, рух пен елжандылықтың айғағы.
Осы құрмет – тек атамызға емес, барша тыл еңбеккерлеріне деген тағзым.