"М. Әубәкіров атындағы орта мектебінде «Балалық шақ – балдәурен»" атты мерекелік іс-шара өтті.

"М. Әубәкіров атындағы орта мектебінде «Балалық шақ – балдәурен»" атты мерекелік іс-шара  өтті.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "М. Әубәкіров атындағы орта мектебінде «Балалық шақ – балдәурен»" атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру мақсатында округ әкімінің арнайы сыйлығы ретінде балмұздақтар таратылды. Сонымен қатар, мектепте өткізілген қайырымдылық акциясынан түскен қаражат есебінен түрлі сусындар ұсынылып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады.

 Мерекелік бағдарлама барысында жас өнерпаздар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін паш етті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған "асық ату" сайысында қатысушылар мергендіктерін сынап, белсенділік танытты.

 Балалар асфальтқа сурет салу байқауына қатысып, өздерінің қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Шара барысында түрлі байқаулар мен жарыстарға белсене қатысқан бүлдіршіндер аудандық мадақтамалармен және грамоталармен марапатталды.

 Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйіне толы бұл мерекелік іс-шара олардың жазғы демалысының жарқын басталуына айналып, барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Балалық шақтың балдәурен күндерін дәріптеген мереке бүлдіршіндерге қуаныш, шаттық және көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.