31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Екпінді ауылында «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты тағылымды еске алу жиыны өтті.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Екпінді ауылында «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты тағылымды еске алу жиыны өтті.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Екпінді ауылында «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты тағылымды еске алу жиыны өтті. Шара ауыл саябағындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш тас маңында ұйымдастырылды.

Тағылымға толы жиынның басты мақсаты – тоталитарлық жүйенің құрбаны болған боздақтардың рухына тағзым ету, ел тарихындағы қасіретті кезеңдерді кейінгі ұрпақ жадында сақтау және тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру болды.

Шараны Мәдениет үйінің директоры Б. Уралова арнайы сценарий негізінде жүргізіп, жиынның мазмұнын тарихи деректермен, тағылымды ойлармен байланыстыра отырып өрбітті. Жүргізуші зобалаң жылдардың ауыртпалығына тоқталып, сол кезеңде жазықсыз жапа шеккен азаматтардың тағдыры жайында әсерлі баяндап, арнайы шақырылған қонақтарға кезегімен сөз ұсынды.

Жиын барысында Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә. Мұқанов баяндама жасап, саяси қуғын-сүргін жылдарының халыққа тигізген зардаптары мен тарихи маңызына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Қыстаубаев, М. Әубәкіров атындағы орта мектептің директоры С. Байбатшанов, Алакөл ауданының құрметті азаматы, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ. Баяділов және қуғын-сүргін құрбанының ұрпағы Б. Зәуренбеков сөз сөйлеп, өткен тарихтан тағылым алу, ел бірлігі мен тарихи сананы сақтау жөнінде мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара аясында кітапханашы Э. Адасова «Тағзым және тағылым күні» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілік назарына нәубет жылдарына қатысты тарихи-танымдық әдебиеттер мен архивтік мәліметтерді ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.