
Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдаструымен туған жердің топырағында білім алып, үлкен өмірге қанат қаққан мектеп бітіргендеріне 60 жыл болған азаматтар ауылға келіп, бұрын ескі мектеп болған жер қазіргі саябаққа арнайы ескерткіш белгісін қойып, ағаш отырғызады, қазақ үй тігіліп мерекелік дастархан жайылды.
Уақыт – зымыраған өзен. Бірақ адам жүрегіндегі мектепке деген сағыныш, туған ауылға деген құрмет ешқашан өшпейді. Бүгінгі игі шара – сол сағыныштың, сол құрметтің айқын көрінісі.