Қоқыс салуға арналған арнайы бөшкелер орнатылды.

Қоқыс салуға арналған арнайы бөшкелер орнатылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және ауыл тұрғындарын тазалық сақтауға үндеу мақсатында округ әкімінің ұйымдастыруымен ауылдың адам көп жүретін орындарына қоқыс салуға арналған арнайы бөшкелер орнатылды.
Бұл шараның басты мақсаты – ауыл аумағының қоқыспен ластануының алдын алу, тұрғындарды қоқысты арнайы орындарға тастауға дағдыландыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан ауылымыздың таза, көрікті әрі жайлы болуы әрбір тұрғынның жанашырлығы мен ұқыптылығына байланысты.