Алакөл аудандық Белсенді ұзақ өмір орталығында ауыл мәдениетін насихаттауға арналған «Ауыл — ұлт руханиятының тірегі» атты тағылымды шара өтті.

Алакөл аудандық Белсенді ұзақ өмір орталығында ауыл мәдениетін насихаттауға арналған «Ауыл — ұлт руханиятының тірегі» атты тағылымды шара өтті.

Алакөл аудандық Белсенді ұзақ өмір орталығында ауыл мәдениетін насихаттауға арналған «Ауыл — ұлт руханиятының тірегі» атты тағылымды шара өтті. Шараның негізгі ұйымдастырушысы — аналар кеңесінің төрайымы М. Шотанбекова.
Шара барысында ауыл тарихы мен мәдениеті кеңінен таныстырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген түрлі көрмелер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, әуелеген ән-шашулар шырқалып, ауылдың өткені мен бүгіні, салт-дәстүрі мен рухани мұрасы жайлы мазмұнды әңгімелер айтылды. Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрінен тағылымды көрініс қойылып, көпшілікке ұлттық тәрбиенің терең мәні мен өнегесі паш етілді. Тағылымы мол кеш көрермен көңілінен шығып, жиналған жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында мерекелік дастархан жайылып, қонақтар көтеріңкі көңіл күймен, ризашылық сезіммен тарқасты.
Осы игі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан аналар кеңесінің мүшелеріне, ардагерлер кеңесінің мүшелеріне, ауыл әкімшілігіне және мектеп ұжымына шынайы алғыс білдіреміз.