
Ауыл жанашырлары табиғатқа деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, 10 шырша, 20 қайың, 20 липа, 20 ясень ағаш көшеттерін отырғызды.
Отырғызылған көшеттер ауылдағы Ту тұғыры орналасқан аумақтың маңайына егілді. Бұл орын алдағы уақытта ауыл тұрғындары үшін көрікті әрі тынығуға қолайлы жасыл аймаққа айналмақ.
Аталған акцияға ауыл азаматтарымен қатар округ әкімшілігінің қызметкерлері және М. Әубәкіров атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары да белсенді түрде қатысып, ортақ іске бір кісідей жұмылды. Жастардың мұндай шараларға қатысуы – олардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Бұл бастама – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, табиғатқа деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Табиғатты қорғау, оны аялау – әрбір азаматтың борышы. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауыл келбеті одан әрі ажарлана түсері сөзсіз