Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні

Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні
Наурызнаманың онкүндігін тойлау жалғасуда, әр күннің өзіндік ерекше мағынасы бар. Бүгін, 19 наурыз – Жаңару күні аталып өтеді.
Бұл күн бүкіл ел үшін, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – адамдардың өткенді артта қалдырып, реніштерден арылып, жарқын болашаққа ұмтылатын Өзгеріс уақыты. Жаңа мақсаттар қою, перспективалы жобаларды бастау және оң өзгерістерге бейімделу – осы күннің басты дәстүрлерінің бірі.
Дәл осы күні табиғат жаңа түстерге боялып, жанданады деп саналады. Мерекенің маңызды символдарының бірі – жаңару мен гүлденуді бейнелейтін көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі.
Осылайша, Жаңару күні – тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, сонымен қатар әркімнің қоршаған әлемнің үйлесімділігі мен әл-ауқатына өз үлесін қосу мүмкіндігі болып табылады.